1 кезең
Өтінім берген үміткерлер арасынан үздік студенттерді іріктеу.
Өтінімдер 2026 жылғы 1 тамызға дейін қабылданады.
2 кезең
Белгіленген тақырып бойынша онлайн форматта эссе жазу. 2026 жылғы 15 тамыз.
3 кезең
Сұхбаттасу. 2026 жылғы 25 тамыз.
4 кезең
Сыйлықты табыстау рәсімі - 2026 жылғы 8 қыркүйек (Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күні).
Стипендия студенттердің шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында тағайындалады.
Стипендия конкурс қорытындысы бойынша жеке тұлғаға дербес беріліп, атаулы түрде төленеді.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында күндізгі және сырттай оқу нысандарында, ақысыз және ақылы негізде білім алып жатқан студенттер қатыса алады.
Журналистика саласында немесе оқу барысында грамоталары, сертификаттары мен марапаттары бар үміткерлерге басымдық беріледі.