Джгияткер Байтелесов атындағы «Zhiger» стипендиясы

Қазақстан жоғары оқу орындарының журналистика факультеттерінің 2−3 курс студенттерін қолдауға бағытталған.
Толығырақ білу Қатысу шарттары
Стипендия Қазақстаннан қатысатын, іріктеудің барлық тиісті талаптарына сай келетін және конкурс негізінде іріктеуден өткен студенттерге бағалау нәтижелері бойынша тағайындалады.
Стипендия мемлекеттік қызметкер әрі журналист Джгияткер Байтелесовті еске алу мақсатында, оның отбасы мен жақын достарының бастамасымен құрылған.
Оның өмір жолы мен отандық журналистикаға және мемлекеттік қызметке қосқан үлесін сақтау мақсатында 2024 жылы «Журналист болды қаламы қолдан түспеген…» атты естелік кітап жарық көрді.

Кітапта әріптестерінің, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, отбасы мүшелері мен жақындарының естеліктері, сондай-ақ Жігіткер Тумырзаұлының көзі тірісінде берген сұхбаттары мен ол туралы жарияланған мақалалар топтастырылған. Бұл жинақ болашақ журналистер мен мемлекеттік қызмет саласын таңдаған студенттер үшін рухани және кәсіби бағдар беретін құнды еңбек болып табылады.
Жігіткер Тумырзаұлы Байтелесов атындағы атаулы стипендия
қоғамға, сөз құдіретіне және кәсіби жауапкершілікке бар ғұмырын арнаған көрнекті журналист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Жігіткер Тумырзаұлы Байтелесовтің құрметіне тағайындалған.

Кітапты қалай алуға болады
Студенттер, оқытушылар және қызығушылық танытқан барлық азаматтар кітаптың данасын алу немесе танысу үшін төмендегі электрондық пошта арқылы өтініш жолдай алады: baytelesov@mail.ru
Хатта аты-жөніңізді, оқу орныңызды (немесе ұйымыңызды) және өтініш мақсатын көрсетуіңізді сұраймыз.

Жігіткер Байтілесов туралы басылым
Стипендия туралы
Естелік кітабы
«Қолынан қаламы ешқашан түспеген журналист…»